Бұл науқастардың барлығы індет анықталған азаматтармен тығыз байланыста болған тұлғалар. Барлығы стационарлық карантинде медициналық қызметкерлердің бақылауында болған.
Инфекцияны анықтау бойынша жүргізілген зертханалық тексеруден COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсетті. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, барлығына бекітілген хаттамаларға сәйкес қажетті ем жүргізілуде.
Ауруға шалдыққан науқастардың жас аралығы: 10 және 11 жасар 2 бала, 54 және 58 жастағы 2 ересек азамат.
Олармен байланыста болған 28 азамат анықталды. Барлығы оқшауланып, медициналық бақылауға алынды.
Шымкент қаласы бойынша қосымша – 2 ошақ тіркелген. Ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, карантинге алынды.
Үздіксіз эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының жалпы 31 жағдайы тіркелген.