#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкенттік еріктілер онлайн көмекке көшті

Шымкентте "Арнайы волонтерлық бақылау"- тобы құрылды.

Шымкент қаласының аумағында 4 сәуір сағат 21:00-ден бастап карантин енгізілгені белгілі. Дегенмен кейбір азаматтар ол жүйеге немқұрайлы қарап,  өз аулаларында серуендеп, көшелерде бейберекет қозғалысын жалғастыруда. Бұл ахуал тек құқық бұзған  тұрғынның ғана емес өзге де азаматтардың өміріне қауіп туындатуда. Осы мәселелерді мүмкіндігінше ауыздықтау және тәртіп сақшылары мен төтенше жағдай қызметкерлеріне көмек ұйымдастыру мақсатында Шымкентте «Арнайы волонтерлық бақылау»- тобы құрылған. Әзірге белсенді еріктілер саны 80-ге жуық. Волонтерлардың міндеті: » Өз үйінің жанында немесе маңында төтенше жағдай режимін сақтамай емін-еркін жүрген тұрғындарды суретке түсіріп,  мекен-жайын шұғыл құқық қорғау органдарына жөнелтуде.Топқа онлайн көмек беремін деген белсенділер төмендегі сілтеме арқылы қосыла алады.

 

Соңғы жаңалықтар