2018 жылы 6-18 қазан күндері Аргентина астанасы — Буэнос-Айресте өтетін ІІІ жазғы жасөспірімдер арасында өтетін Олимпиада ойындарында Шымкент спортшылары да ел намысын қорғамақ, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрама командасының мүшесі, Шымкент қаласының №11 шығыс жекпе-жек түрлерінен БЖСМ-нің спортшысы, Шымкенттік Әсел Усманова таэквондадан, ал теннис спорт түрінен Ташболатов Дастанбек байрақты додада сынға түседі.
Аталмыш жарысқа әлемнің 206 мемлекетінен 15-18 жас аралығын құрайтын 3926 спортшы қатыспақ. Спорттың 32 түрінен медальдар сарапқа салынатын болады. Биыл жарыс бағдарламасына алғаш рет брейк-данс, каратэ, скалолазание, роллер-спорт, жағажай гандболы және футзал еңгізілді. Қазақстан құрама командасының мүшесі, Шымкент қаласының №11 шығыс жекпе-жек түрлерінен БЖСМ-нің спортшысы, Шымкенттік Әсел Усманова таэквондадан, ал теннис спорт түрінен Ташболатов Дастанбек байрақты додада сынға түседі.
Еске сала кетейік, кеше Қазақстан ұлттық құрамасын Олимпиада ойындарына шығарып салу рәсімі салтанатты түрде өткен болатын. Қазақстан атынан төрт жылдық додаға спорттың 22 түрінен 57 атлет аттанды. Ойынның ресми ашылуы 6 қазан күні «Монументаль» стадионында, ал жабылу салтанаты 18 қазан күні өтеді.