Түймебаев Сарыағаштағы «Ай-Мейірім» балабақшасының ашылу рәсіміне қатысты

Сарыағаш ауданында балабақша пайдалануға берілді, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев іс сапармен Сарыағаш ауданына барды. Сапар басында Өңір басшысы жеке кәсіпкер Г.Гуламанованың қармағындағы «Бес жұлдыз» балабақшасына келді. Балаларға базарлық таратып, ұжым қызметіне оң бағасын берді. Бұл мектепке дейінгі білім беру мекемесіне 1,1 млрд. Теңге көлемінде инвестиция тартылған. Алпыс адамды тұрақты қызметпен қамтып отырған балабақшада бүгінде 450 бала тәрбиеленіп жатыр.
Сондай-ақ, облыс әкімі кезекті жұмыс барысы соңында Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Ай-Мейірім» балабақшасына ат басын тіреп , ашылу салтанатына қатысты.Қызметкерлерді қуанышты оқиғамен құттықтап, мемлекет тарапынан білім саласына қатты көңіл бөлініп жатқандығын айтты. 28 қызметкері бар балабақшада 75 бала тәрбиеленеді. 178 млн. теңге қаржыны тартқан бұл мекеме өңір басшысының қатысуымен пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда Сарыағаш ауданында 203 балабақша жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта балабақша саны өседі деген жоспар бар.