Түркістанда әйелдер күресінен жасөспірімдер арасында чемпионат өтті

Түркістанда әйелдер күресінен 2003-2005 жылғы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі shymkenttv.kz сайтына сілтеме жасап.
Байрақты бәсекеге еліміздің барлық өңірінен 16 командаға біріккен 164 спортшы қатысты. Тұңғыш рет Түркістанда өткен сайыста спортшылар қараша айында Жапонияның Токио қаласында өтетін Азия чемпионатына берілетін жолдаманы сарапқа салды.Бұл сайыстың спортшылар үшін салмағы басым. Себебі, нақ осы чемпионаттан кейін еліміздің қыздар құрамасы жасақталады. Сондықтан болар жарыс өте тартысты өтті.
Еске салып өтейік, ел чемпионатына келген спортшылардың барлығы да өз аймақтарының үздігі. Барлығының да жеңсем деген үміті басым. Алайда, сайыс болғандықтан бірі-жеңіп, енді бірі жеңілді. Сөйтіп, 10 салмақ дәрежесі бойынша үздіктер анықталып, қажетті жолдамаға қол жеткізді.Қазақстан чемпионатында топ жарған спортшылар енді ұлттық құрамаға қабылданып, азия чемпионатына дайындалады. Егер Халықаралық сайыста бағы жанып, бабы келісіп жатса олимпиада ойындарында бақ сынайды.