Шардарада гір көтеруден ашық біріншілік өтті

Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің және Мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағы Шардара аудандық комитетінің ұйымдастыруымен «Спорт-есірткі және есірткі бизнесіне қарсы» ұранымен армрестлингтен ересек спортшылар және жасөспірім ұлдар және қыздар арасында 17 салмақ дәрежесі бойынша гір көтеру спортынан 7 салмақ дәрежесі бойынша Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ-нің ашық біріншілігі болып өтті, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі.
Ашық біріншілікке облысымыздың барлық аудандарынан спортшылар қатысып, жарыстың одан әрі қызықты әрі тартысты өтуіне белсенділік танытып, атсалысты. Облыстық көлемінде ұйымдастырылған ашық біріншілікте армрестлинг спорты бойынша командалық есепте III орынды Сайрам ауданы, II орынды Мақтарал ауданы иеленсе I орынды шардаралық Армспорт командасы айқын басымдықпен жеңіп алды.
Дүбірлі додада мықтылығымен көзге түсіп «Үздік спортшы» атағын Сағындық Нұрмұхаммед алды. Намысты қолдан бермейтін, көздерінде оты бар спортшылардың тартысты өткен сайысында, жеңіске жеткен спортшыларымыздың нәтижелі ойын көрсете білді.
Соңғы жылдары Шардара ауданының жастары спорттың қол күрес түріне көптеп әуестенуде. Соның нәтижесінде республикаға танымал жас чемпиондар көптеп өсіп, жетіліп келеді.