Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында су құбырларының құрылысы қарқынды жүруде, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл ауданның 2 бірдей ауылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Атап айқанда, тұрғындары артезиан құдықтардан су ішіп келген Тағайна ауылы мен су құбырлары тозған Зағамбар ауылы. Зағамбар ауылындағы су құбырының құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында бастаса, Тағайнадағы құрылыс жұмыстары мамыр айында бастау алған.
Нәтижесінде салынып жатқан жаңа су құбырлары ағымдағы жылдың соңына дейін 6 мыңнан аса ауыл тұрғынын сапалы сумен қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ, аталған аймақта әрқайсысы 2 данадан сыйымдылығы 300 және 150 текше метрлік су жинағыш-резервуардың құрылысы жүзеге асырылуда. Тағайна және Зағамбар ауылдарына су елді мекен жанынан анықталған ұңғымалардан беріледі.
Екі ауылға тартылатын су өткізгіштердің жалпы ұзындығы – 78,327 шақырымды құрамақ. Су құбыры желілерінің құрылысы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылуда. Тағайна ауылындағы құрылыстың мердігері «Star-Stroi» ЖШС-і, ал Зағамбар ауылында су құбырын «Монолит-Дизайн-2030» ЖШС-і жүргізуде.