Шымкентте «Жомарт Жүрек» қайырымдылық акциясы өтті​

1 қыркүйек күні жаңа оқу жылы басталды. Осыған орай түрлі акциялар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Adym.kz ақпарт агенттігінің тілшісі.
Бүгін «Асар» мөлтек ауданындағы 89 нөмірлі мектеп лицейінде «Жомарт Жүрек» атты қайырымдылық акциясы өтті. Онда Шымкент қалалық Мəжлісінің депутаты Талғат Əмірбеков қаламыздағы 89, 90, 57 жəне 58 жалпы орта мектептің əрқайсысының аз қамтылған отбасының 10 оқушысына мектеп формасын сыйға табыстады.Сонымен қатар іс — шараға Талғат Əмірбеков пен Қаратау ауданының əкімінің орынбасары да қатысты. 89 мектеп лицейінің директоры Қасым Атабаев депутатқа жомарттық танытқаны үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар кəсіпкер Талғат Шегенов та айтулы мектептің 10 оқушысына форма табыстады. Ал, Талғат Əмірбеков мектеп оқушыларына жақсы білім алуды, болашақта олардың арасынан үлкен адамдар шығуына сенім білдірді.
Айта кетерлігі азаматтық жауапкершілікті жоғары қоятын қазақстандықтарды қоғамдық ынталандыру аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірлер мен жергілікті қауымдастықтар дамуына үлес қосқан азаматтар марапатқа лайықты.  Сондықтан, туған жерінің дамуына өз өмірін және табысының бір бөлігін арнаған азаматтарды мадақтау үшін Азаматтық қоғам істері комитетіне «Жомарт Жүрек» салтанатын ұйымдастырылып келеді.