Еңбекші ауданының әкімдігі – әлеуметтік желілерде тұрғындардың өтінішін қабылдайды

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты әлеуметтік желілер арқылы сын-ескертпелер мен өтініштер қабылдайды», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі аудан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі төмендегі әлеуметтік желілер арқылы сын ескертпелер мен өтініштер қабылдайтынын аудан тұрғындарының назарларына жеткізеді: Instagram – akimat.enbekshi; WhatsApp – Тел. 8 747 510 90 55
Естеріңізге салар болсақ, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың 16.07.2018 жылғы № 4-ө өкіміне сәйкес Еңбекші ауданының әкімі Ғ.Ильясов азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды күн сайын сағат 09-00-ден 10-00 дейін жүргізеді.
Аталған аудан әкімдігінің мекен-жайы: Еңбекші ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы,Толстой көшесі 119.
«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын және орындайтын Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  органы  болып табылады.
«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
«Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.