ШЫМКЕНТ ЗООБАҒЫНА КЕЛУШІЛЕРДІҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЙЕ ТҮСКЕН

"Шымкенттегі зообақтың келбеті жыл өткен сайын өзгеріп келеді. Бақтың оң жақ бөлігінде хайуанаттарға арналған «Африка» аймағы құрылды. Мұнда жан-жануардың түйеқұс, түйе, зебра, антилопа, гну, марал сынды 6 түрі бар", деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Зообақ баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Зообақ 1980 жылы 19- сәуір күні ашылды. Алғашқы кезде коллекцияда 75 аңның түрі, 350 данасы болды.Зообақ ашылғаннан бастап жануарлар коллекциясы көбейе түсті. Қазіргі таңда зообақ коллекциясында 194 түр жан-жануарлардың 2002 басы бар.
Зообақта жыл сайын теңбіл бұғылар арқарлар, понилар, еуропалық кербұғылар, қырғауылдар, үйректер, жолбарысты питондар, арыстандар және тағы да басқадай жануарлардың түрлері көбеюде.
Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы 2010 жылдың шілде айында ЕАРАЗА-ға қайта мүшелікке енді.
Шымкент мемлекеттік зообағының басты мақсаты сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан жабайы аңдарды асырау, оларды көбейтіп табиғатқа қайта жіберу және ғылыми – зерттеу жұмысы, сонымен қатар қызметкерлер келушілерге аңдар туралы лекциялар оқып, экскурсия жасайды. Жыл сайын ғылыми жұмыстар Қазақстан мен ТМД елдерінің журналдарында жарық көрді.  Зообақта жыл бойына  мектеп оқушылары мен биология және экология факультеттерінің студенттеріне арнап лекциялар, ғылыми консультациялар  және өндірістік, диплом алдыңдағы  тәжірибелер өткізіледі.