Алайда, әзірге Шымкент зообағының ең танымал, көпшілік үшін тартымды «тұрғыны» «Астананың» (Мұндай ерекше ат жануарға Астана күні қарсаңында туғандықтан берілген) лайықты теңі табылмай жатқан көрінеді.
Зообақ мамандары осыдан біршама уақыт бұрын қалыңдықты Алматыдан тапқан екен. Өкінішке орай, белгілі себептермен Шымкентке жеткізе алмапты. Ал, екінші рет тиісті қаржыны аударып, «Астана» атты керіктің жаңа жұбының келуін күткен. Бірақ, бұл жолы да алматылық керік келмепті.
Бұдан бөлек, Шымкент зообағының мамандары шілденің шіліңгір ыстығында керікті екі аптада бір рет шомылдырады екен. Айтуларынша, бұл рәсімге арнайы дайындалу қажет. Мәселен, суды бассейнге толтырып екі-үш күн ұстайды. Су әбден жылып, қажетті температураға жеткеннен кейін, сұйық сабынмен керікті жуындырады. Жауаптылар салқын суға шомылса, «Астана» ауырып қалуы мүмкін, дейді Зообақ қызметкерлері.
ШЫМКЕНТ ЗООБАҒЫНДАҒЫ КЕРІКТЕРДІҢ САНЫ КӨБЕЙЕДІ
«Шымкент зообағының қызметкерлері таяуда 10 жасқа толған "Астана" атты керікке жаңа жұп тауып, жұптастырмақшы», деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі ТВК телеарнасына сілтеме жасап.