Бұл көрсеткіш қала аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің жалпы санының 18 пайызын құрайды (1848). Бюджеттік ұйымдарға келетін болсақ, 364 нысанның 146-сы, яғни, 40 пайызы жылумен қамтамасыз етуге дайын.
Қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Коммуналды шаруашылық саласының мамандары жұмыстың жоспарлы уақытта аяқталатынын және қала тұрғындары жылу тапшылығын сезінбейтінін айтады.
— Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары толық деңгейде жүріп жатыр, — дейді қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Бектұрсынов. — Өткен жылу маусымынан кейін негізгі және ішкі орамдық жылу жүйелерін сығымдау жұмыстары жүргізілді. Жылумен қамту желілерінде 163 ақау анықталып, бүгінгі күнге дейін оның 49-ы қалпына келтірілді.
Айта кетейік, бұл жұмыстарды «Қуат жылу орталық — 3» мемлекеттік кәсіпорны атқаруда.