#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өңірлерде өрт қауіпсіздігі айлығы бойынша профилактикалық іс-шаралар өтуде

Әр жыл сайын жылыту маусымы жақындағанда Төтенше жағдайлар департаментімен тұрғын үй секторларында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

2024 жылдың 15 тамызында облыс аумағында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Осыған сәйкес өрттің алдын алу және қайғылы оқиғаларға жол бермеу мақсатында Департаментпен және Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен есепке алынған 42 322 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тұрғын үйлері бірінші араланып, оларға ерекше көңіл бөлінеді.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өрт қауіпсіздігі айлығының өткізілу барысы туралы брифинг. Спикер ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асхат Оразбеков болды.

Спикер 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жөнінде, көмірқышқыл және табиғи газға улану жағдайлары туралы айтты. Өткен 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымында тұрғын секторларда 91 өрт орын алған, өрт оқиғасы салдарынан 4 адам қаза болған, 2 адам  жарақат алған.

Профилактикалық түсіндірме жұмыстарын атқару үшін 86 218 тұрғын үй секторының ауласын аралады. 319 рет жиын ұйымдастырылып, электр және газ жабдықтарын, пештерді және газ пештерін орнату, қолдану ережесі туралы түсіндірілді.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті мен Газ шаруашылығы саласындағы ұйымның өкілдерінің қатысуымен газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын пайдаланудағы қауіпсіздік тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

ТЖМ 2024 жылғы 15 тамыздағы №321 бұйрығымен Өрт қауіпсіздігі қағидаларына бокстарда, паркингтерде, көлік құралдары тұрағына арналған үй-жайларда, өндірістік гараждар үй-жайларында, шатырлар астында және ашық алаңдарда электромобильдерді зарядтауға жол беру бөлігінде, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес қағидалардың кейбір талаптарын сәйкестікке келтіру бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Сонымен қатар Қағидалар 1080-1-тармақпен толықтырылды, ол электромобильдер мен олардың зарядтау станцияларын паркингтерге орналастыру кезінде мемлекеттік нормативтердің талаптарын сақтау қажеттілігін белгілейді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес электромобильдерді зарядтау станцияларын орнату үшін азаматтық қорғау органдарынан қандай да бір рұқсат құжаттарын алу талап етілмейтінін қосымша хабарлаймыз.

Қарағанды облысы ТЖД басшылығы, өрт сөндіру қызметі, жергілікті атқарушы органдар және сумен жабдықтаушы ұйымдарымен бірлесіп Қарағанды қаласындағы тығыз қоныстанған аудандардың және адамдар жаппай болатын объектілердегі өрт гидранттарының жай-күйіне визуалды шолу жүргізді.

Гидранттардың жай-күйін тексеру кезінде олардың техникалық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігіне ерекше назар аударылады. Жалпы, қаланы өртке қарсы сумен жабдықтау қанағаттанарлық жағдайда. Алайда, гидранттарды тексеру барысында объектілердің аумағында да, қаланың магистральдық желісінде де кемшіліктер анықталды. Гидранттардың механикалық зақымдануы, жыртылған өзектер және басқа да бұзылулар гидранты толығымен ауыстыру мәселесі ерекше алаңдаушылық туғызады.

Осы визуалды тексерулердің негізгі мақсаты тұрғындардың, тұрғын үйлер мен объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өрт туындаған жағдайда өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерін жұмыс күйінде пайдалану болып табылады.

Ұлытау облысы ТЖД басшылығымен «Әр үйге қауіпсіздік» атты өрт қауіпсіздік акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Акцияға ТЖД, Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі, Жезқазған қаласының Жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицина орталығы, ҚазақГазАймақ, жергілікті атқарушы орган және волонтерлар, БАҚ өкілдері қатысты.

Акция барысында облыстағы пешпен жылытатын үйлерді және әлеуметтік осал топтағы отбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, көмір қышқыл газын анықтау датчиктері орнатылды және біршама әлеуметтік көмек көрсетілді. Кеңгір ауылдық округі, Бекболатсай және Қостанкелді елді мекендерінің 375 тұрғын үйіне аралау жүргізіліп, 796 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Жақындарыңыз бен балаларыңыздың өмірі, өздеріңіздің қолдарыңызда екендігін ұмытпаңыздар.

Жетісу облысының ТЖД тамыз айының басынан бастап «Өрт қауіпсіздігі айлығын» өткізуде. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – мүгедектер, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және аз қамтылған азаматтар сияқты әлеуметтік осал топтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру.

Облыста 132 мыңнан астам жеке және көпқабатты тұрғын үйлер бар. Өткен 2023-2024 жылғы жылыту маусымында осы үйлерде 137 өрт тіркелді. Осыған байланысты құтқарушылар аула аралау жұмыстарын бастап, бұл шараларға азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, полиция және волонтерлар қатысуда.

Бұл іс-шаралардың басты міндеті – азаматтардың өрт қауіпсіздігін сақтау маңыздылығын түсінуін арттыру. Ескертпелер тұрғындарға қолхатпен беріледі, осылайша олардың ұсыныстардың маңыздылығын түсінуін күшейтуге тырысамыз.

Егер тұрғындар үйіне кіргізбесе, өрт қауіпсіздігі ережелері көшеде түсіндіріледі, ал ескертпе қолма-қол немесе пошта жәшігіне қалдырылады. Мұндай жағдайда қызметкерлер үйдің жағдайын тексере алмайды, бірақ мұндай үйлердің мекенжайлары бақылауға алынып, қайта тексеріледі. Егер үйде ешкім болмаса, ескертпе пошта жәшігіне қалдырылады.

Тұрғындарға электр сымдарын үнемі тексеріп отыру ұсынылады, себебі уақыт өте келе кабельдер тозып, қысқа тұйықталуға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, жылыту пештерінің жағдайына ерекше назар аудару керек. Жылыту маусымы басталар алдында мұржаны тазалап, пешті жөндеу және өлшемі 50х70 см болатын пеш алдындағы қорғаныс тақтайшасын орнату қажет. Мұржа төбенің жабындары арқылы өтетін жерлерде жанбайтын материал пайдалану керек, өйткені бұл жерлерде өрт шығу қаупі жоғары.

Сонымен қатар, пешті қыздырып жібермей, ұйқыға жатар алдында бір-екі сағат бұрын отты тоқтату керек, бұл иіс газынан улану мүмкіндігін азайтады. Осы шараларды сақтау өрт қаупін айтарлықтай төмендетіп, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға көмектеседі.

ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – сіздің және мүлкіңіздің қауіпсіздігінің кепілі екенін еске салады. Өрт шыққан жағдайда, дереу «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

2024 жылдың 15 тамызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Айлықтың мақсаты өрт санын азайтуға және олардағы адамдардың қаза болуына, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтуге бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру болып табылады.

Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті осы бағытта ауқымды көпжоспарлы жұмыс жүргізуде.

Мәселен, еліміздің барлық өңірлерінде 2024 жылғы 25 тамыз күні сағат 13-00-ден бастап 14-00 аралығында адамдардың жаппай жиналатын орындарында – ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында, базарларда, павильондарда, «Мечта», «Технодом» тұрмыстық техника дүкендерінде және т.б., LED экрандар мен дауыс зорайтқыш құрылғыларды қолданумен оқыту бейнероликтер және аудионы бір мезгілде тарата отырып өрт қауіпсіздігінің бірыңғай сағаты өткізілді.

Бұл акция өрттердің алдын алуға, адам өлімінің алдын алуға және жарақаттануға, халықтың өрт қауіпсіздігі саласында құқықтық сана деңгейін арттыруға бағытталған.

«Каспий құбыр консорциумы» АҚ мұнай айдау зауытында мұнай төгілу салдарынан мұнайдың жануын алдын алу мақсатында өрт тактикалық жаттығуы өткізілді.

Өрт тактикалық жаттығу барысында атқарылған іс–шаралар: өрт тактикалық жаттығу барысы пысықталып, магистральды мұнай құбыры нысандарындағы өртті жою кезінде өрт сөндіру қызметінің, нысан персоналдарының және басқа де қызметтердің өзара іс қимылын өрт кезінде күштер мен құралдарды басқару, сыртқы белгілер бойынша жағдайды бағалау, шешуші бағыттарды анықтау, өрт сөндіру штабын құру және оның жұмысын ұйымдастыру бойынша барлау жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар