#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Өрт сөндіруші –нағыз батыр, отбасы батыры, халық батыры»

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы №7 Өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Абдраимов Кеңесбек Өмірбекұлы туралы айтуға тура келеді.Өйткені ол Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінде 17 жылдай жұмыс атқарып, үлгілі отаға және жақсы әке болып, өзі таңдаған жұмысындан бірнеше рет өз батырылығында көрсетті.

«Өрт сөндіруші –нағыз батыр, отбасы батыры, халық батыры»- деп, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы №7 Өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Абдраимов Кеңесбек Өмірбекұлы туралы айтуға тура келеді.Өйткені ол Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінде 17 жылдай жұмыс атқарып, үлгілі отаға және жақсы әке болып, өзі таңдаған жұмысындан бірнеше рет өз батырылығында көрсетті.
Айта кету керегі жөн, Кеңесбек Өмірбекұлы жақында жетінші баланың әкесі атанды.Ия,өз ісінің шебере бола отырып, ол көпбалалы әке және өз балдарының үлкен мақтанышы. Оның төрт аяулы қыздары – Аружан,Айзере, Ляйсан,Көркем және үш сүйкімді ұлдары Альтаир,Интазар және ең кіші ұлы Ахмедияр. Мүмкін, Кеңесбек ағамыздың балалары да өз өмірлерін азаматтық қорғау орғандарымен байланыстырар,ал әләзір оның жары мен баллары осындай қиын жұмыста оған үлкен қолдау көрсетіп, үлкен тірек болып отыр.Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмыстары әрқашан түрлі қиыншылықтармен кездестіріп, кәсіби қыбілеттерді талап етеді, ал отбасы – бұл «тыныш айлақ», себебі ол жерде сені бағалап, қолдап , әрбір шұғыл шығудан асыға күтеді.
Азаматтық қорғау подполковнигі Кеңесбек Абдраимов, халыққа көмек көрсетім бірнеше рет өзінің ерлігін көрсетті.
2014 жылы 16 қаңтарында метеорологиялық жағдай мен көз көрерлік төмендеу салдарынан, қарлы боран кезінде Б.Момышұлы-Қошқар ата бағытындағы жол жабылып, көлік қатынасы толықтай тоқтатылып қалған. Осы сәтте, аудан орталығынан 62-шақырымда орналасқан Қошқар ата ауылында түратын екі жүкті әйелге жедел дәрігерлік көмек көрсету және ауыр хәлдегі балаға жедел түрде аудандық ауруханаға апарып, ота жасау керектігі туралы Жуалы ауданының № 7 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне хабар түседі. Дауыл долдана соққанына байланысты, көмек сұраған адамдарға бару мүмкін емес еді. Абраимов К. орын алған жағдайды бағалап және Қошқар ата ауылына медициналық бригаданын техникасы кіре алмайтынын ескере отырып, шұғыл түрде ГТ-ТБ шынжыр табанды тягач жіберу жөнінде шешім қабылдады. Басшылық, азаматтық қорғау подполковнигі К.Абдраимовтың құтқару операцияларда жұмыс тәжірибесі мен өтілін ескере отырып, аталған елді мекенге қарлы желеуден өту жөнінде оған әскери тапсырма берді. Ол бұл тапсырманы өте жақсы атқарды. Жүргізушімен бірге, нөлдік көз көрерлікте, қарлы дау түріндегі тосқауылдарды жеңе отырып, көмекке мұқтаж адамдарды аудандық ауруханаға жеткізді. Келген бойда жас балаға ота жасалып, жүкті әйелдерге жедел медициналық көмек көрсетілді.
2015 жылдың 23-24 желтоқсанда Жуалы ауданында орын алған қарлы боран салдарынан, Жуалы ауданының Алматы –Ташкент бағытындағы Шақпақ асуында жолды қар басып, жол жабылды. Жолдағы қардың биіктігі кей жерлерде 2 метрге жетіп, жолда жеңіл автокөліктер меңзеген жерлеріне жете алмай, қар астында қалып қойған. Төтенше жағдайды жоюға К.Абдраимов бастаған №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмысқа қар тазалағыш шнекороторлы УРАЛ-4320 техникасы және шынжыр табанды ГТТБ тягачымен кірісті. Құтқару операциясын К.Абдраимов жеке басқарып, нәтижесінде 34 техника, 61 адам, оның ішінде 8 жас бала қар құрсауынан құтқарылды.
2017 жылдың 03 ақпан күні 16 сағат 30 шамасында, Батыс Қытай – Батыс Европа тас жолы боран салдарынан толықтай жабылып, қар құрсауында қалған адамдардың бірінен соң бірінің жолда қалып қалғандары туралы хабарламалар түсіп жатты. Бөлім бастығы К.Абдраимов аудан әкіміне хабарлап және рұқсат алып, Б.Момышұлы ауылында орналасқан №29 А.Герцен және №19 Д.Қонаев атындағы орта мектептерінде жолда қалған адамдарды қауіпсіз жерге және уақытша жылыту пунктіне орналастырды. Осылай, ағымдағы жылдың 03 қаңтарынан 04 ақпаны аралығында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қар құрсауынан 103 бірлік автотехника шығарылып, 410 адам оның ішінде 46 бала құтқарылып, қауіпсіз жерлерге көшірілді. Жылыту пунктеріне 262 адам, оның ішінде 20 бала орналастырылып, барлығына ыстық шәй мен тамақ берілді.
2017 жылдың 17 ақпанында 13 сағат 00 минутта Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің жедел кезекшісі В.Ковалевтан Жуалы ауданы Көксай таулы аймағында қар көшкіні салдарынан № 91678 әскери бөлімінің жеке құрамы қардың астында қалғаны жөнінде хабар түсті. Түскен хабарламаны барлау барысында, оқу-жаттығуға кеткен № 91678 әскери бөлімінің шамамен 22 әскери қызметкерлері қардың астында қалғаны анықталып, 13 сағат 15 минутта бөлім бастығы К.Абдраимов жедел түрде шешім қабылдап, жеке құрамды дабыл бойынша жинап және жергілікті Жуалы аудандық жедел жәрдем қызметінің фельдшерлерін оқиға орнына жіберу туралы нұсқама берді. Экстремалды жағдайда құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында, 13 сағат 30 минутта өрт сөндіру автокөлігімен оқиға орнына бөлім бастығы азаматтық қорғау подполковнигі К.Абдраимовтың басшылығымен құрамында 7 адам шықты. Ауа-райын, боран, көктайғақ және таулы аймақ пен көзкөрушілік төмен болғанынын салдарынан жол жүру қиындағанын ескере отырып, сағат тек 15:25 минутта Көксай шатқалына жетіп, қарлы қар көшкінінің тереңдігі шамамен 10 метр, көлемі 150 шаршы метр жердегі қар астында қалған адамдарды әскери қызметкерлермен бірігіп, құтқару жұмыстарын бастады. Бөлім бастығы К.Абдраимов басқарған жеке құрам құтқару жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізгеннін арқасында, 17 сағат 15 минутта қардың астынан 17 адам шығарылып, оның ішінде 10 адам аман және әртүрлі жарақат алған, 7 адам оқиға орнында қаза болып, 6 адам өз күштерімен шықты. Табылған 23 алам туралы және жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстың аяқталуы туралы мәлімет 17 сағат 30 минутта Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының жедел кезекшісіне берілді. Жеке құрамның 2 парамедигі өз кезегінде жапа шеккен адамдарға алғашқы моральдік-психологиялық және дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетті.
Өзінің кәсіби шеберлігі мен табанды іс әрекеттерінің арқасында, К.Абдраимов азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері ешқашан шетте қалмайтынын және әрдайым көмекке келетіндерін дәлелдеді.
Соңдай-ақ бұл Кеңесбек Өмірбекұлының өзінің кәсібилігің көрсеткен барлық мысалдар емес, себебі ол күн сайын жұмысқа келіп түрлі жағдайлармен кездеседі. Одан әрі К.Абдраимов жауынгерлік жұмыста өз шеберлігін көрсетіп, мекеменің спорттық іс-шараларына, конференциялар мен женилыстарға қатысып, жас қызметкерлмен өз шеберлігімен бөліседі.
Азаматтық қорғау подполковнигі Кеңесбек Өмірбекұлы Абдраимов өзінің жұмысы үшін бірнеше рет алғыс хаттармен марапатталып, Жуалы ауданың әкімшілігінен және тұрғындарынан алғыс сөздерін де естіді, өйткені ол осы ауданда 17 жыл бойы адал қызмет етіп келе жатыр.
Өзінің батырлығын, батылдығын, кәсіби шеберлігін, көрсеткені үшін ол ІІІ дәрежелі «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер» кеуде белгісімен, ІІІ дәрежелі «Құтқарушы» кеуде белгісімен, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалі (2012 ж.), «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтой медалімен; ІІ дәрежелі «Құтқарушы» кеуде белгісімен, «Қазақстан Республикасының полициясына 25 жыл «.медалімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар