Өрт сөндіруші мамандығы – әлемдегі ең күрделі мамандықтардың бірі. Жылжымалы сатыға көтерілуді, газқағарды қолдануды, қалың түтінде қозғалуды, жүгіруді, секіруді, ауыр заттарды көтеруді үйрену керек, бірақ ең қиын нәрсе – ол әр сәтте біреудің өмірін сақтап қалу үшін өз өмірін қатерге тігуге дайын болу. Нағыз өрт сөндіруші шаршаудың не екенін білмейді, «мүмкін емес» деген сөзді білмейді. Кез-келген уақытта, кез-келген ауа-райында, ыстықта және қатты аязда, кез-келген жағдайда көңіл-күйіне қарамастан ол отқа да, суға да тәуекел етуге дайын. Көбінесе өрт сөндірушілер қайғылы оқиға орнына бірінші болып жетіп, адамдарға барынша көмектесуге тырысады.
Егер Сіз өрт сөндіруші болуға қызығушылық танытсаңыз, онда бұл жұмыстың не екенін нақты білуіңіз қажет. Кез келген өрт – қорқынышты көрініс. Өрттің қармағына түскен қарапайым адамдардың көпшілігі жабырқап қозғалмай қалады немесе керісінше, олар бір нәрселерді өз бетінен белсене қозғалып, онсыз да қиын жағдайды ушықтырып алуы мүмкін. Бірінші және екінші жағдайда, егер өрт сөндіруші мамандары көмекке келмесе, адамдар өлімге душар болады. Өртте өрт сөндірушілер бірден адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін барлық мүмкіндікті жасайды, сондай-ақ түтікқұбырларын ашып, өртті сөндіруге кіріседі. Бөлімше командирі қандай тактиканы пайдалану қажеттігі туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ қажет болған жағдайда қосымша күштерді шақырады. Өрттің әрбір түрін сөндіру үшін белгілі бір стратегиялар мен арнайы жабдықтар қолданылады. Кез келген өртте барлау жүргізу қажет. Бір-бірімен арқанмен байланысқан бірнеше тәжірибелі жауынгерлер оттың қармағына түскен барлық адамдарды құтқару үшін аптап ыстыққа жіберіледі.
Кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері ай сайын орта білім беру мектептерінде, әскери бөлімдерде азаматтық қорғау органдарына қызметке тұрудың жаңа рәсімдерін түсіндіру бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
Өрт сөндіруші болу үшін әскерде қызмет ету керек, содан кейін арнайы дайындықтан өту керек. Осы Курстарды аяқтағаннан кейін сіз өрт сөндіру бөлімінің қарапайым жауынгері бола аласыз. Егер сіз мансаптық өсуді армандайтын болсаңыз, Сізге Мамандандырылған жоғары білім алу қажет. Оны Көкшетау техникалық институтында алғаннан кейін сіз өрт қауіпсіздігі инженері бола аласыз.
Іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар «Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің кадр саясаты бөліміне іріктеуге қатысуға өтініш пен құжаттарды береді. Құжаттарды тапсырғаннан кейін кандидатқа Медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту үшін әскери-дәрігерлік комиссияға, полиграфологиялық зерттеуге, арнайы тексеруге жолдамалар беріледі.
Медициналық және психофизиологиялық куәландыруды, полиграфологиялық зерттеуді, міндетті арнайы тексеруді алғаннан кейін жеке істер қалыптастырылады, қабылдау комиссиясы алғашқы кәсіптік даярлыққа кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.
Алғашқы кәсіптік даярлыққа кандидаттарды іріктеу бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды: бірінші кезеңде-келіп түскен жеке істер негізінде кандидаттардың тізімі қалыптастырылады; екінші кезеңде –кандидаттардың конкурс өткізу қағидаларының талаптарына сәйкес дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруы; үшінші кезеңде –қабылдау комиссиясы кандидаттармен әңгімелесу өткізеді.
Іріктеу қорытындылары хаттамамен ресімделеді, оның нәтижелері кандидаттарды ұйымның тыңдаушылар қатарына қабылдау үшін басшының бұйрыққа қол қоюы арқылы негіз болып табылады. Тыңдаушыны бастапқы кәсіптік даярлыққа қабылдау туралы бұйрық тыңдаушыны ведомствоның тағылымдамадан өтушісі етіп тағайындауға негіз болып табылады. Тыңдаушымен еңбек шарты жасалады, еңбек шартына сәйкес тыңдаушыға тағылымдамадан өту уақыты үшін штаттық кестеде атқаратын лауазымы бойынша көзделген лауазымдық айлықақы төленеді. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін өрт сөндірушілерді даярлау бағыты бойынша оқыту мерзімі 35 күнтізбелік күнді, жүргізушілерді – 14 күнтізбелік күнді, қалғандарын – 7 күнтізбелік күнді құрайды. Тыңдаушыны алғашқы кәсіптік даярлау аяқталғаннан кейін кадрға тіркеліп, лауазымға тағайындау кадр ведомствосына тіркелген күннен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.