#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Төтенше жағдай министрлігі адамдардың суға батып кетуінің негізгі себептерін атады

Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов айтты, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

Балаларды су айдындарының жанында ересектердің қарауынсыз қалдыруға мүлдем болмайды.

Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов айтты.

Журналистер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикерден суға бату жағдайлары ең көп тіркелетін аймақтар мен қайғылы жағдайлардың негізгі себептері туралы сұрады.

«Елімізде 85 мыңнан астам өзен, 48 мыңнан астам көл бар. Оның ішінде нақты осы аймақ деп айту қиын. Бір жылдары оңтүстік өңірлерде, басқа жылдары солтүстік өңірлерде көп болуы мүмкін. Негізі байқағанымыз  Балқаш, Каспий сияқты үлкен су айдындарына қарағанда кішігірім өзен-көлдерде адамдар көп батады. Ересектердің суға батуына келсек, арасында өз күшін бағалай алмайтындары бар. Негізіне көбінесе ішімдік ішкеннің кесірінен болады, ал балалар ересектердің қарауынсыз қалып жатады. Балаларды су айдындарының жанында ересектердің қарауынсыз қалдыруға мүлдем болмайды», — деді Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары.

Айта кету керек, осыған дейін Түркістан облысында суға кеткен 16 жасар қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатқан болатын.

Соңғы жаңалықтар