200-ге жуық тұрғынына рұқсат етілмеген жерлерде шомылғаны үшін айыппұл салынды. Тұрғындарына суда қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін миллиондаған айыппұл салынды.
Күн сайын 100-ге жуық құтқарушылар қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін су қоймаларын күзетуде. Арнайы әзірленген жоспар бойынша ұйымдастырылған рейдтерге ТЖД қызметкерлері, 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және полиция қызметкерлері қатысады.
Тәуліктің қараңғы кезінде шомылатын тәртіп бұзушыларды анықтау үшін, дауыс зорайтқыштармен және тепловизорлармен жабдықталған дрондарды пайдалану арқылы түнгі рейдтер өткізіледі.
Суға шомылу маусымы басталғалы облыста 6069 рейд пен патрульдік жұмыстар жүргізілді. 8 LED экрандарда су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы бейнематериалдар таратылады.
Шомылу маусымы басталғаннан бері судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 196 адам жауапқа тартылды. ҚР ӘҚБтК 412-бабы бойынша айыппұлдардың жалпы сомасы 3 млн. теңгеден асты (су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау).