Семей қаласында күн сайын азаматтардың қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін қатерге тігетін құтқару қызметінің барлық қызметкерлеріне арналған орын — Құтқарушылар скверінің салтанатты ашылуы өтті.
Бұл жер олардың жанқиярлық қызметіне құрмет пен ризашылықтың символына айналады.
Іс-шара облыс әкімі Нұрлан Уранхаев пен Абай облысының ТЖД бастығы Манарбек Шапағатовтың құтқарушы мамандығының маңыздылығын және олардың еңбегін қолдау қажеттігін атап өткен салтанатты сөздерінен басталды.
Алаңда күші мен денсаулығын сарп етіп халықтың қауіпсіздігі үшін аянбай қызмет ететін барлық құтқарушыларға арналған ескерткіш орнатылған.
Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.
Қалалық гарнизонының ТЖМ ардагерлері Құтқару Скверінің құрылғаны үшін және құрылысқа атсалысқан қатысушыларға алғыстарын жаудырды
Айта кету керек, Сквер тек еске алу және құрмет орны ғана емес, сонымен қатар, барлық тұрғындар үшін балалар және спорт алаңдары бар демалыс аймағы, ал, гарнизон қызметкерлері үшін салтанатты іс-шаралар өткізетін орын болмақ.
Барлықтарыңызды Құтқарушылар Скверіне келуге және әр күн сайын біздің қауіпсіздігімізді қорғаушыларға құрмет көрсетуге шақырамыз.