#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Павлодар облысындағы сауда нысандарында өрттердің туындау қаупін азайту бойынша брифинг өтті

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары Қ.З. Шаймарденов пен МӨББ О.Т. Уәлихановтың қатысуымен «Сауда объектілерінде қауіпсіздік талаптарын сақтау» тақырыбында брифинг өткізілді, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

Сауда-ойын-сауық орталықтарындағы, сауда үйлеріндегі және базарлардағы өрттер кең қоғамдық резонанс тудырады, үлкен материалдық шығынға және басқа да ауыр зардаптарға әкеледі.

Облыс аумағында сауда объектілерінде 3 өрт тіркелді, 2023 жылы 8 өрт тіркелді.

Облыс аумағында өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы өткізілді. Оған азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың, волонтерлік ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысты. Профилактикалық жұмыс 96 сауда объектісінде жүргізілді, онда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 536 ұсыныс берілді.

7 ірі сауда нысандарында шартты өртті сөндіру және азаматтарды эвакуациялау бойынша іс-қимылдарды пысықтаумен өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Сонымен қатар, ТЖД есебінде жалпы ауданы 2 мың және одан да көп шаршы метр болатын 95 сауда нысаны мен ойын-сауық орталықтары бар, бұл өз кезегінде ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігін туғызады.

Адамдар жаппай болатын объектінің әрбір қызметкері өрт қауіпсіздігінің белгіленген ережелерін білуге және қатаң сақтауға міндетті.

Объектіде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды меншік нысанына қарамастан меншік иелері, ұйымдар, кәсіпорындар басшылары, дара кәсіпкерлер, объектіні немесе үй-жайды иеленуге, пайдалануға немесе оған билік етуге құқығы бар жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар