#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматыда 516 әлеуметтік нысан мүгедектігі бар адамдарға толығымен бейімделді

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласында 704 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделді, оның ішінде 516-сы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық санаттарына толықтай сәйкестендірілді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының Жол картасы және және 2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Кедергісіз келешек» жобасы іске асырылуда.

Жоба аясында ел аумағында бейімделуі тиіс 22 мың басым нысан анықталды. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын осындай талапқа 4400 нысан сай келуі қажет. Ал биылғы жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша 10 277 нысан бейімделді.

Алматыда 5 жыл ішінде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін 1295 нысанды бейімдеу көзделген. Қазіргі уақытта 2021-2023 жылдар аралығында бейімделуге жоспарланған 778 нысанның 704-інде жергілікті атқарушы органдар бейімдеу шараларын жүргізді.

Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) жүргізген бақылаудан кейінгі тексерулер барысында аталға 704 нысанның 516-сының толық бейімделгені расталды.

Мәселен, қалада мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына қол жетімді: мемлекеттік мекемелер – 24 (аудандық әкімдіктер – 8; соттар: аудандық – 5, әкімшілік – 3, ауданаралық экономикалық сот – 1; прокуратуралар – 3; салық инспекциялары – 3; аудандық полиция департаменті – 1); әлеуметтік мекемелер – 49 (БЖЗҚ филиалдары – 3, санаторийлер – 3, пансионаттар – 3, пошта бөлімшелері – 5, ХҚКО – 5, өзге де объектілер – 30); білім беру нысандары – 300 (жоғары және орта арнаулы оқу орындары – 35, жалпы білім беретін мектептер – 150, бөбекжайлар мен балабақшалар – 115); денсаулық сақтау нысандары – 80 (емханалар – 50, ауруханалар – 12, медициналық орталықтар – 18); мәдениет нысандары – 20 (театрлар – 8, кітапханалар – 12); әлеуметтік инфрақұрылымның өзге де нысандары – 43 (дәріханалар – 20, сауда орталығы мен қонақ үйлер – 15, спорт нысандары – 8); 188 нысан ішінара бейімделген деп танылды, олар бойынша 391 бұзушылық анықталды: есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 31; көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 115; тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 73, кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – 172.

Сондай-ақ, 2023 жылдың соңына дейін тағы 74 нысанды бейімдеу жоспарлануда. Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау шеңберінде Департаментпен мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және т.б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 63 тексеру жүргізілді, оның ішінде: 34 – нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау шеңберінде 29 тексеру.

Тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 56 ұйғарым беріліп, 9,6 млн теңгеге 15 әкімшілік айыппұл салынды.

Нысандардың меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.

Соңғы жаңалықтар