#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан: Облыста әлеуметтік қамтамасыз ету бағытына баса назар аударылып, қаржылық қолдау көрсетілуде

Аз қамтылған азаматтардың табысын арттыру және өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында облыста әлеуметтік көмекке жеткілікті бюджет қаражатынан  (2020ж - 169,4 млрд.тг; 2021ж - 14,0 млрд.тг; 2022 ж - 13,4 млрд.тг.; 2023 ж             - 15,0 млрд.тг) қаржы көзделген, деп хабарлайды Adym.kz ақпараттық сайты.

Соңғы 4 жылда кедейлік деңгейін және тиісінше атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын төмендетудің оң үрдісі байқалады. Бүгінгі күні облыста 154,7 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алады (2020 ж.- 220,1 мың адам, 2021 ж.- 237,5 мың адам, 2022 ж.- 198,4 мың адам, 2023 ж.- 154,7 мың адам).

Кедейлік деңгейін төмендету атаулы әлеуметтік көмек алушыларды жұмыспен қамту шараларына тарту жөніндегі белсенді жұмыстың арқасында қамтамасыз етілді. Атаулы әлеуметтік көмекті алушыларды жұмыспен қамту үлесі жыл сайын ұлғайюда: 2020 жылы 72,6%, 2021 жылы 77,0%, 2022 жылы 79,4%. 2023 жылдың            10 айында  еңбекке жарамды 41,9 мың атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың 32,4 мың адам немесе 77,4% (жоспар 77,8%) жұмыспен қамту шараларына тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде күнкөріс деңгейінен төмен тұратын халықтын үлесі 2020 жылдан бастап 2,5% төмендеп,  9,7% құрады (2020ж.- 12,2%, 2021ж.- 9,8%, 2022ж.- 9,7%, 2023ж.                                 2 тоқсанында — 9,7%).

Сонымен қатар, Түркістан облысында 2020 жылдан бастап қосымша өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды кедейлік деңгейінен шығуға ұмтылдыратын «Қамқорлық» бағдарламасы іске асырылуда.

2020 жылдан бері 4,5 мың отбасыға 1 433,1 млн.теңгеге демеушілік көмек көрсетілді, 142 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 2023 жылдың 10 айында 837 отбасыға 269,3 млн.теңгеге демеушілік көмек көрсетіліп, 27 отбасыға тұрғын үй берілді.

 Нақты, 2023 жылдың 10 айында АӘК 154,7 мың адамға (26 528 отбасы) 10 128,4 млн.теңгеге тағайындалып, аз қамтылған азаматтардың үлесі облыс халқының 7,2% құрады.

Сондай-ақ, 2022 жылмен салыстырғанда, облыс бойынша ағымдағы жылы АӘК алушылардың саны 22% — ға төмендеп,                  154 716 адамды құрады.

Кедейлікті төмендету, аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында 2024 жылы облыста 38 610 отбасы немесе                  216 970 адамды 15,0 млрд.теңгеге атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жоспарланып, көмек алушылардың еңбекке қабілетті 42,1 мың адам немесе 78,8% жұмыспен қамту шараларына тартылатыны көзделді.

2019 жылғы қараша айында Қазақстан Республикасы Президенті Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жанұя» әлеуметтік орталығына сапары кезінде еліміздің барлық өңірлерінде осы орталыққа ұқсас орталықтар ашу туралы тапсырма берген.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкілі Д.Б.Закиева Түркістан қаласына іс-сапары барысында  «Қамқорлық» жанұя орталығының қызметімен таныса келе, барлық аудан, қалаларда отбасын қолдау орталықтарының ашу қажеттігін атап айтқан. 2023-2025 жылдары 17 аудан мен қалада отбасын қолдау орталықтарын ашу көзделген.

Жоспарға сәйкес 2023 жылы әлеуметтік мәселелерімен келетін көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға арналған «Қамқорлық» жанұя орталығы Түркістан қаласында ашылды. Орталық көмегіне аз қамтылған отбасы мүшесі, көп балалы отбасы мүшесіне, асыраушысынан айрылу бойынша жəрдемақы алушыларға, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар баланы тəрбиелейтіндерге, қандастарға 10 бағыт бойынша жүгінуге мүмкіндіктері бар.

Орталықта штат бойынша 32 адам жұмыс жасайды, осы мақсатқа қала бюджеттен 212,8 млн.теңге қаржы бөлінді.

Аталған орталықтың оң нәтижелері мен тиімділігін ескеріп,   2025 жылға дейін өңіріміздің барлық аймақтарында мағыналас орталықтар ашылады деп жоспарланды.

Келесі мәселе – мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау.

Абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы бойынша: 2023 жылға барлық деңгейдегі бюджеттерден жалпы 11,1 млрд. теңге бөлініп, (о.і. РБ – 46,0 млн.тг., ОБ-7,8 млрд.тг., ЖБ — 3,0 млрд.тг. қаралған)  01.11.2023 жылғы жағдаймен 50 807 техникалық оңалту құралдары мен қызметтері ұсынылып, қажеттіліктің 85,2 пайызы (жоспар- 90%) қамтылды.

Түркістан облысында 97 075 мүгедектігі бар адам есепте тұр (облыс халқының 4,5%) немесе жалпы республикадағы мүгедектігі бар адамдардың 14%-н құрайды. Оның ішінде 82 174 ересектер болса, 14 901 балалар.

2021 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту құралдары мен қызметтері «Әлеуметтік қызметтер порталы» (әрі қарай –Портал) арқылы жүзеге асырылады.

Порталдың ерекшелігі – оңалту құралдары мен қызметтерін өз еркімен таңдау құқығы (олардың рейтингін, басқа пайдаланушылардың пікірлерін, құны мен сапасын ескере отырып), оларды алу мерзімінің қысқартылуы, бизнес-үдерістердің ашықтығы, кең ассортимент және қымбат тауар үшін қосымша ақы төлеу мүмкіндігі.

Бүгінгі таңда Порталда 170 өнім беруші тіркелген, оның ішінде  82 оңалту техникалық құралдары, 52 ұйым санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері, 48 ымдау тілі маманы, 19 ұйым 549 жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуда.

2023 жылға мүгедектігі бар адамдардың абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының негізінде барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен қаралған 11,3 млрд. теңге қаржыға 53 149 техникалық оңалту құралдары мен қызметтері ұсынылды. Бұл ретте, бекітілген жоспардың орындалмау қауіпі бар (жоспар 2023 жылға-90%).

протездік-ортопедиялық бұйымдар – 74,5%, сурдо -77,3%, тифлоқұралдар – 91,3% , қоларба – 83,3%, міндетті гигиеналық құралдар – 93,8%, санаторлық-курорттық емделу – 75,7%, жеке көмекшінің қызметі -99,3%, ымдау тілі маманының қызметі – 97,2%.

Сондай-ақ, 2024 жылға бұл бағытқа 5,8 млрд. теңге қаржы қаралу жоспарлануда. Бұл қажеттіліктің 32,4 пайызын құрап, тек              22 612 адамның өтінішін ғана қанағаттандырады (жоспар 2024 жылға-95%).

Мүгедектігі бар адамдардың абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының негізінде заңнамалармен белгіленген қолдаулармен максималды түрде қамтамасыз ету үшін 2024 жылға қосымша 47 917 адамды қызметпен қамтуға 12,1 млрд. теңге қаржы қажеттілігі туындауда.

 Қолжетімді орта қалыптастыру туралы:  «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының 84-85 тармақтарын орындау жөніндегі жол картасына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 2023 жылға облыс бойынша                 776 нысанды (2021ж- 259 нысан, 2022 ж. – 258 нысан, 2023 ж. — 259 нысанды) бейімдеу жоспарланып, бүгінгі таңға 739 нысан бейімдеу шараларымен қамтылды (2021 – 2025 жж. 1294 нысан).

 Cлайд 9. Басқармаға қарасты жалғызілікті қарттар мен мүгедектігі бар балалар мен ересек адамдарға қызмет көрсететін                               12 коммуналдық мемлекеттік мекемелер бар. Оның ішінде 4-уі – стационарлық үлгіде, яғни арнаулы әлеуметтік қызметтерді тәулік бойы көрсетуге, 6-уы – жартылай стационарлық үлгіде – қызмет алушылар аптаның бес күнінде күндізгі уақытта болуына арналған. Стационарлық үлгідегі мекемелердегі қызмет алушылар толық мемлекет қамқорлығында.  1 мекеме Шымкент қаласында орналасқан «Ардагерлер үйі» -жекелеген санаттағы азаматтарға қысқа мерзімде емделу мен демалуға арналған, ал Кентау қаласындағы Арнаулы кәсіптік колледж – жасы 15 пен                        35 аралығындағы мүгедектігі бар адамдарға кәсіптік білім алуға бағытталған.

Аталған мекемелердің жылдық жоспарлы сыйымдылығы 6 190 орынға шақталған, ағымдағы жылдың 10 айында нақты  4 988 адам қызметтермен қамтылып, оларға қызметтерді 1 108,5 әлеуметтік қызметкерлер ұсынуда. Барлық мекемелердің жылдық бюджеті — 3,9 млрд.теңгені құрайды.

Басқармамен 2021 жылғы 1-ші тамызынан бастап стационарлық үлгідегі төрт мекемедегі (№1 Түркістан,                                      №2, №3 Көксәйек, №4 Тасарық арнаулы АӘҚ көрсету орталықтары) тамақтандыру процессі Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде бәсекелестік ортаға ауыстырылып, жеке кәсіпкер «Калимбетов Д.Ж.»-пен 10 жыл мерзімге Келісімшарт түзілген. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының негізгі мақсаты — төрт орталықтың асханаларын жаңарту және пайдалану болып табылады. Іске асырылу мерзімі 10 жыл, бастапқы құны —                     6,5 млрд.теңгені құраған. Жеке кәсіпкер Данияр Калимбетовпен                       2021 -2022 жылы аралығында өзінің жеке қаржылар есебінен             145,5 млн.теңге (о.і. ағымдағы жөндеу жұмыстарына — 95,8 млн.теңге, құрал-жабдықтары сатып алуға — 49,7 млн.теңге), Келісім-шартта бекітілген 88,2 млн.теңгеден 57,3 млн.теңгеге артық жұмсалып, асханаларға ағымдағы жөндеу, екі мекеменің асханаларының негізгі ғимараттарының алаңдарын кеңейту жұмыстары, азық-түліктерді сақтауға арналған қосымша қоймаларының құрылыстары  жүргізілді. Жаңа асханалық құрал-жабдықтары сатып алынып, орнатылды.

Соңғы жаңалықтар