#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі.

Ана мен баланы, жалпы балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау және әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандырудың көп деңгейлі жүйесі арқылы қамтамасыз ету елдің мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі. Қазіргі уақытта Қазақстанда балалары бар отбасыларға республикалық бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақының 5 түрі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлемдердің 2 түрі төленеді.

Биыл 2,6 млн отбасыға жалпы сомасы 1,3 трлн теңгеге әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға көп. 2023 жылдың 8 айында 2 млн-нан астам отбасыға жалпы сомасы 838,4 млрд теңгеге әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер  тағайындалды.

Балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі және айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) шамасына байланысты белгіленеді. 2023 жылдың басынан бастап барлық мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5% — ға индекстелген.

МӘСҚ-тен жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына байланысты. 8 айдың қорытындысы бойынша төлемдердің орташа мөлшері шамамен 1 млн 200 мың теңгені құрады.

Бала өмірге келген соң баланың тууына байланысты біржолғы жәрдемақы тағайындалады. 2023 жылы бірінші, екінші, үшінші баланың тууына берілетін жәрдемақы мөлшері 131 мың теңгені, төртінші және одан да көп балаға – 217 мың теңгені құрайды.

Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша бюджеттен ай сайынғы жәрдемақы дүниеге келген баланың санына байланысты, бірінші, екінші, үшінші және одан кейінгі балаларға – 19 872 теңгеден 30 705 теңгеге дейінгі мөлшері ұлғайтыла отырып төленеді.

Жұмыс істейтін ата-аналар үшін бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-тен берілетін әлеуметтік төлем мөлшері соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40% құрайды. 8 айдың қорытындысы бойынша төлемнің орташа мөлшері 50 998 теңгені құрады.

Бұдан басқа, 2014 жылдан бастап бала күтімімен отырған ата-аналарға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау енгізілді.

Сондай-ақ, бюджеттен 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері балалар санына байланысты сараланған, яғни 4 баласы бар отбасы үшін 55 304 теңгеден төленіп, ал 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 800 теңгеге артып отырады. Айта кету керек, көпбалалы отбасылардың саны артуда және бүгінгі күні көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны 540 мыңнан астам отбасы алуда.

«Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға табысына қарамастан өмір бойы төленетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Аталған жәрдемақыны жыл басынан бері орта есеппен 42 млрд теңгеге 233 мың адам алды.

Сонымен қатар ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап «Алтын алқа» алқаларымен, «Батыр ана» атағы бар, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға арналған жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін көтерілді.

Сондай-ақ мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) кәмелетке толғанға дейін 1,61 ең төменгі күнкөріс мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Бұл жәрдемақыны орта есеппен 49,2 млрд теңгеге 102 199 адам алды.

ҚР Әлеуметтік кодексті іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап осы жәрдемақының мөлшері орта есеппен 14,5%-ға артты, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 23%-ға ұлғаюды қамтамасыз етті.

Сонымен бірге ата-анасының біреуінен айырылған балаларға асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы және МӘСҚ-тен ұқсас әлеуметтік төлем тағайындалады (әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін). Жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушысының асырауындағы адамдардың санына, ал МӘСҚ-тен төленетін төлемдердің мөлшері – соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, асырауындағы адамдардың санына, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап осы жәрдемақы мен төлемдердің мөлшері қосымша 14,5% — ға ұлғайтылды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 23% — ға өсті.

Соңғы жаңалықтар