#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Еңбекмин кәсіпорын қызметкерлеріне арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу туралы айтты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Еңбекминінің басшысы еңбек ұжымдарымен өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін талқылады және зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін азаматтарға 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнайы әлеуметтік төлем тағайындаудың негізгі тәсілдері туралы айтты.

Кездесу Хромтау қаласында Дөң тау-кен байыту комбинатында өтті. Іс-шараға ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Мұратбеков, Дөң тау-кен байыту комбинаты, «Восход Oriel» ЖШС мен «Ақтөбе Мыс компаниясы» ЖШС-ның 200-ге жуық қызметкерлері, жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері қатысты.

Светлана Жақыпова өз сөзінде бұл кездесу Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру бойынша жүргізілген жұмыстарды түсіндіру үшін өткізіліп жатқанын атап өтті. Осылайша, өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету мақсатында 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін Министрлік арнайы әлеуметтік төлемді енгізуді көздейтін заңнамаға түзетулер әзірледі, мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына жіберілді.

 «Арнайы әлеуметтік төлемдер 55 жасқа толған және 7 жыл бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бар, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге тағайындалады деген шешім қабылданды.

Арнайы әлеуметтік төлемдер төрт көзден: республикалық бюджеттен 1,5 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде; Үкімет қаулысымен бекітілген тәртіппен БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен жинақталған зейнетақы жинақтарын ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналары есебінен; өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардан 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде; жұмыс берушілердің қаражаты 1 ең төмен күнкөріс мөлшерінде жүзеге асырылатын болады», – деді Еңбекминінің басшысы.

Сондай-ақ, заңнамалық түзетулерде жұмыскерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру көзделеді:

— өмірді сақтандыру компанияларының алдын алу шараларына жұмсаған шығыстарын төленген сақтандыру сыйлықақысының 6% — на дейін өтеуі;

— өмірді сақтандыру компанияларының оңалту шараларына жұмсаған шығыстарын төленген сақтандыру сыйлықақысының 6% — на дейін өтеуі;

— зардап шеккен жұмыскерді санаторлық-курорттық емдеу бойынша өмірді сақтандыру компанияларының 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде төлеуі;

— жазатайым оқиға нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу (сақтандыру төлемі) мөлшерін айқындау кезінде жұмыскердің кінәсін болдырмау.

Кездесу барысында Светлана Жақыпова Ақтөбе облысы кәсіпорындары қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, БАҚ-қа сұхбат берді.

Сонымен қатар, министр жұмыс сапары барысында Хромтау тау-кен техникалық колледжіне барды. Сондай-ақ, ол мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылыс барысымен танысып, Ақтөбе қаласындағы №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барады.

Соңғы жаңалықтар