Сіздерді Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздіктің 30 жылдық белесіне жетіп отырған Қазақстан үшін Нұр-Сұлтан қаласы – қалыптасқан мемлекеттіліктің символы.
Елбасы Н.Назарбаевтың стратегиялық көрегендігімен мәртебесі биіктеген қаланың бүгінде ажары артып, өркендеудің бағдары, бейбітшіліктің ордасы болып бекіді.
Қазақ мемлекетінің бас қаласы әлем елдерінің саяси көшбасшылары мен іскерлік орта өкілдері бас қосатын келісім алаңы ретінде танылды.
Елорда төрінде жер жүзіндегі тұрақтылыққа кепіл болатын саяси ынтымақтастықтың, ядролық қауіпсіздіктің, конфессияаралық татулықтың жасампаздық дәстүрлері қалыптасты. Әлемді экологиялық қауіпсіздікке жетелейтін «жасыл экономиканың» инновациялық идеялары мен батыл бастамалары іске асты.
Елорданың баршамыз танитын, әрбір қазақстандықты марқайтатын көп қырларының бірі осындай. Басты қаламыздың жетістігі – Қазақстанның ортақ табысы. Оның айбыны артқан сайын, халқымыздың да мәртебесі биіктей түседі.
Нұр-Сұлтан қаласының даму жолы – Шымкент үшін бой түзейтін бағдар.
Шымкент қаласында өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру шеңберіндегі міндеттерді Елорда тәжірибесі негізінде іске асырып келеміз. Оның ішінде инфрақұрылымдық өркендеу, тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру, білім беруді бекітілген стандарттарға сәйкес болуын ұйымдастыру, қаланың мәдени-танымдық ортасын жаңғырту, т.б. көрсеткіштер қамтылған.
Қазақстанның айбыны, жаңару мен жасампаздықтың өнегесі болған Елордамыз өркендей берсін!
Мұрат ӘЙТЕНОВ