Түркістан қаласында салынып жатқан ЭкоБазар жақын уақытта іске қосылады. Жабық базар барлық азық-түлік тауарларының көтерме бағамен сатылатын ең ірі сауда орнына айналмақ. Диқандар мұнда өз өнімін сата алады. Ол үшін барлық жағдай жасалады.
Бұл – дәстүрлі ауылшаруашылық нарығының және заманауи жайлы сауда орталығының артықшылықтарын біріктіретін жаңа форматтағы фермерлер базары. 14 га. жерге орналасқан 900 сауда орны бар жаңа нысанның құрылысымен Өмірзақ Шөкеев танысты.
Облыс басшысы жаңа сауда орталығында облыс диқандары үшін қажетті жағдайдың толық жасалуын айтып, жауапты тұлғаларға тапсырма берді. Қаладағы жаңа ғимараттардың айналасын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын бақылады.