«Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамына қарасты «Индустриалды аймақтар» филиалына жаңа басшы тағайындалды.
Бұл лауазымға бұған дейін аталмыш мекеменің орынбасары болып қызмет атқарған Нұралы Арғынбаев бекітілді. Нұралы Арғынбаев еңбек жолын 2014 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің маманы болып бастаған.
2014-2018 жылдары ҚР Инвестиция және даму министрлігінің сарапшы, бас сарапшы, Түркістан облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы, «Павлодар» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Басқарма басшысының кеңесшісі, 2020 жылдан бастап «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы фронт-офис жетекшісінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
2021 жылдан бері «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамына қарасты «Индустриалды аймақтар» филиалы басшысының орынбасары, басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарып келді.
Айта кетейік, Нұралы Арғынбаев 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында туған. Білімі жоғары, мамандығы – экономист-қаржы.