Грузияда түсірілім алаңында актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Грузияда фильм түсірілімінде актер және жай ғана жақсы адам Фархат Әбдірайымов қайтыс болды. Қаңтарда ол 55 жасқа толды», — деп жазды журналист Михаил Козачков Telegram-да.
Фархат Әбдірайымов 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған.
Күні кеше, 20 мамырда Фархат Әбдірайымов Facebook және Instagram желісіндегі парақшаларында Тбилисиде түсіріліп жатқан «Больше, чем любовь» фильмінің алаңынан видео бөліскен.
Актер Алматы технологиялық университетінің технологиялық факультетін бітірген «инженер-технолог» мамандығы бойынша бітірген болатын. 20-дан аса фильмде эпизод, басты рольдерде ойнаған. Оның ішінде, «Фара», «Сказ о розовом зайце», «Рэкетир-2», «Возвращение в А» және тағы басқасы.