#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қызылордалық полицейлер 6 миллион теңгенің есірткісін тәркіледі

15 мамырда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне үйінде есірткі заттарын сақтайтын жергілікті тұрғын туралы ақпарат түскен.

15 мамырда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне үйінде есірткі заттарын сақтайтын жергілікті тұрғын туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту, тергеу әрекетін жүргізу барысында пәтерінен 103 полиэтилен пакетке салынған өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы оның 10 келіден астам кептірілген марихуана екенін анықтады.

Күдіктінің бұл затты жеке пайдалану үшін сақтағаны белгілі болдыОл бұрын Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 300-бабы бойынша сотталып, 2018 жылы бостандыққа шыққан.

Күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, аталған қылмыс үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қызылорда қаласы бойынша жыл басынан барлығы 42 есірткі қылмысы анықталды.

Соңғы жаңалықтар