Польшаның әуе күштеріне тиесілі Boeing 737-86Х ұшағы басып алу туралы белгі берді, — деп хабарлайды ADYM.KZ РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
OpenSky Alerts бақылау ресурсы мәліметі бойынша, ұшқыш диспетчерге 7500 кодын жіберген. Яғни, «ұшақты басып алған». Әуе кемесі Чехия шекарасына жақын жерден Польшаның үстінен ұшып өтті. Бортта поляк әскери қолбасшылығы өкілдері бар.
Польша әуе күштерінің жедел қолбасшылығы ұшақты басып алу хабарына қатысты түсінік берді.
«Шынында да, 7500 кодымен белгі берілді, бұл әуе кемесін басып алғанын білдіреді. Бұл оқу-жаттығу аясында жасалды», — деді жедел қолбасшылық өкілі.