#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Антикор өкілдері Түркістан облысы әкімі орынбасарының «ұсталуы» туралы пікір білдірді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсінік берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсінік берді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа мынаны хабарлаймыз. Мырзалиев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде шақырылды. Ол күдікті емес, бұлтартпау шарасы тағайындалған жоқ», — деді ведомство өкілдері.

Өзге ақпарат ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жарияланбайтыны хабарланды.

Бұған дейін бірқатар БАҚ пен Telegram-арналар Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы хабар таратқан болатын.

Мейіржан Мырзалиев Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін 2019 жылдың наурызынан бастап атқарып келеді.

Соңғы жаңалықтар