Өскемен қаласында кеше жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
«30 сәуір күні кешкі 18:00 шамасында 2007 жылы туған Рустам Слембаев үйінен шығып кеткен. Содан бері қайтып оралмаған», деді полиция өкілдері.
Тәртіп сақшылары жасөспірімді адамдар соңғы рет Красин ауылында көргенін айтты. Рустам Слембаевтың белгілері: бойы 150-160 сантиметр, арықша келген, сары, шашы қысқа, көзі көк, ерні томпақ, бетінде тыртық бар. Сондай-ақ, үстінде сұр желбегей, бейсбол қалпақшасы мен қара сұр түсті спорттық костюм болған. Ақ-көк түсті велосипедпен шыққан.