#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қарағандыда 9 қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Қарағанды қаласынын Бұқар жырау даңғылы бойындағы тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты.

 

Қарағанды қаласынын Бұқар жырау даңғылы бойындағы тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Жалын 70 шаршы метр аумақты шарпыды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz. басылымына сілтеме жасап.

Бүгін кешке ТЖД пультіне Бұқар жырау даңғылындағы көпқабатты үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тұрғындар жиһаз жинап қойған баспалдақ өткелін от шарпығанын анықтады.

«24 сәуір сағат 18:28-де Қарағанды қаласында, Бұқар Жырау даңғылы, 96 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 9 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша жалпы ауданы 70 шаршы метр аумақта, 4 және 9-шы қабаттар арасындағы баспалдақ аралықтарында жиһаз, үй заттары мен қоқыстар жанып кетті» деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД күшімен кіреберіс пәтерлерінен құтқару қалпақтарының және автосатының көмегімен 12 адам (оның ішінде 4 бала) құтқарылды және баспалдақ арқылы 35 адам (оның ішінде 8 бала) эвакуацияланды

Сағат 19:41-де өрт ауыздықталды.

Соңғы жаңалықтар