Бүгін Тараз қаласында үш жасөспірімге оқ тиіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілеме жасап.
Қазіргі таңда қылмысқа қатысы бар күдікті анықталып, қамауға алынды.
«Бүгінде кәмелетке толмағандардың денсаулық жағдайы тұрақты, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, істің егжей-тегжейлері тергеу мүддесіне байланысты толық ақпарат жарияланбайды», дейді полицей.