#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері пара алғаны үшін ұсталды

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ірі көлемде пара алғаны үшін ұсталды.

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ірі көлемде пара алғаны үшін ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірлесіп 16 сәуірде Байзақ ауданы прокуратурасының қызметкерін ұстады.

«Ол айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін Алматыда полиция қызметкерлері мен прокурор пара алды деген күдікпен ұсталғаны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар