Шымкентте автобус жүргізушісі баланы қағып кетті, деп хабарлады ADYM.KZ Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол апаты 11 сәуірде сағат 13:00 шамасында Молдағұлов көшесінде Колос базарының маңында болған. Қыз жолдан дұрыс емес жерден жалғыз өтіп бара жатқан. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Қыздың жасы шамамен 6-7 жас аралығында.
Автобус жүргізушісі жол апатының мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді.