#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шетелден келген тағы екі қазақстандықтан коронавирус табылды

20 наурызда шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген екі қазақстандықтан коронавирус табылды.

20 наурызда шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген екі қазақстандықтан коронавирус табылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

20 наурызда шетелден 400 қазақстандық ПТР-анықтамасыз ұшып келген.

«Екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы табылды. Бір жолаушы Шарм-эль-Шейх — Ақтөбе, екіншісі Минск — Нұр-Сұлтан рейсімен келді», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жаңа статистика жарияланды. 2021 жылы 21 наурызда Қазақстанға Германия, Венгрия, Мальдив аралдары, Шри-Ланка, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 43 халықаралық рейс келген. 177 қазақстандықтың ПТР-анықтамасы болмаған. Оның ішінде Алматыда — 141 адам, Нұр-Сұлтанда — 29, Түркістанда — 7 адам.

ПТР-анықтамасы жоқ қазақстандықтардан сынама алынған, олар нәтижесін карантин стационарында күтеді.

Соңғы жаңалықтар