ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі негізінде Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Ғабит Патшаханұлы Мәуленқұлов тағайындалды.
Ғабит Патшаханұлы 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Халықаралық құқық және нарық академиясын, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақ экономика, қаржы және сауда университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі – заңгер, қаржыгер және экономика, бизнес магистрі.
Еңбек жолын 2000 жылы Прокуратура органдарында прокурор көмекшісі болып бастаған.
2002-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппаратында референт, консультант, бас сарапшы, бас консультант, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі болып жауапты лауазымдарды атқарған.
2016-2018 жылдары Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2018 жылдың шілдесiнен бүгінге дейін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі ретінде абыройлы қызмет атқарып келді.