#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістанда жекеменшік үйде бес адам өлі табылды. Төртеуі бала

Түркістанда жекеменшік үйде бес адам өлі табылды.

Түркістанда жекеменшік үйде бес адам өлі табылды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«2021 жылғы 27 ақпанда сағат 18.35-те Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің «103» пультіне Түркістан қаласында жеке тұрғын үйінде көршілермен өмір белгілері жоқ 5 адам, оның ішінде 4 кәмелетке толмаған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Үйде өрт белгілері табылған жоқ. Үйде табиғи газбен жылыту орнатылған», — делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Оқиға орнына ТЖД (6 қызметкер, 2 дана техника), ПД (15 қызметкер және 4 дана техника), жедел медициналық көмек ауруханасы (3 қызметкер және 1 дана техника), «ҚазТрансГаз» АҚ (3 қызметкер және 1 дана техника) қызметкерлері шықты», — делінген хабарламада.

ТЖМ өкілдері газ жабдықтарын пайдалану бойынша қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар