#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Жамбыл облысы әкімінің халыққа есеп беру кездесуінде мінбердегі елтаңба құлап қалды

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың халыққа есеп беру кездесуінде мінбердегі елтаңба құлап қалды.

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың халыққа есеп беру кездесуінде мінбердегі елтаңба құлап қалды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жамбыл облысы басшысы Бердібек Сапарбаев 19 ақпанда онлайн форматта халық алдында есеп беру кездесуін өткізді. Тікелей эфирде аймақ тұрғындары әкімге сұрақтарын қойды. Екі сағаттан астам уақытқа созылған кездесу әлеуметтік желілерде таратылды.

Бір сағаттан аса уақыт өткен соң облыс тұрғыны тағы бір сұрақ қойды. Алайда Сапарбаев жауап беруді бастаған сәтте әкім мінберіндегі елтаңба құлап қалды. Аймақ басшысы ашуланып, көмекшілерінен елтаңбаны көтеруді тапсырды, бірақ микрофонды өшіруді ұмытып кеткен. Оны бір секундтан кейін өшірді.

Бәрі орнына келгеннен кейін Сапарбаев сұраққа жауап беруді жалғастырды. Бірақ микрофон өшірулі болған. Оны модератор қосып берді.

Соңғы жаңалықтар