Филология ғылымдарының кандидаты Тоқтар Әлібеков өмірден озды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Ғалымның қалам тартқан тақырыптары аз емес. Ол «Абайтану» саласына да мән беріп, ақынның «Қара сөздер» (2007), 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында тұңғыш рет жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғылының өлеңі» жинақтарының өңделіп, қайта басылуына, ол туралы «Абай және ұлттық идея», «Абай Құнанбаев. Библиографиялық көрсеткіші (1988-2006)», «Абай дәстүрі және қазіргі қазақ әдебиеті», «Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы» сынды зерттеу еңбектерін баспаға дайындады. Сондай-ақ, Абайдың әдеби мұраларына қатысты текстологиялық зерттеулер жазды.