#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматы облысында әкім ұсталды

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешов ұсталды.

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешов ұсталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешев ТКШ бөлімінің басшысы мен орынбасарымен бірге ұстағаны хабарланған болатын. Шенеуніктер «мердігер ұйым директорынан орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 10 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінгені» айтылған.

«Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Талғар ауданының әкіміне қатысты тергеу соты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Соталды тергеудің өзге де деректері жария етілмейді», — деді агенттіктегілер.

Ал Алматы облысының әкімдігі ресми сауалымызға Серікжан Ерекешев қызметінен әлі босатылмағанын хабарлады.

Еске салайық, Серікжан Ерекешев Талғар ауданының әкімі болып былтыр тамыздың ортасында тағайындалған болатын.

Соңғы жаңалықтар