#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Тәжікстан коронавирустан түбегейлі құтылды

Тәжіскстан президенті Эмомали Рахмон елдің коронавирус инфекциясынан толығымен құтылғанын мәлімдеді.

Тәжіскстан президенті Эмомали Рахмон елдің коронавирус инфекциясынан толығымен құтылғанын мәлімдеді, деп жазады ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. 

Ел президенті бұл туралы халыққа жолдауында айтқан.

— Тәжікстанда қазір коронавирус жоқ, ол толығымен жойылды. Алайда біздің босаңсымауымыз өте маңызды. Жеке және қоғамдық гигиена ережелерін ұмытпауымыз керек, деді  Эмомали Рахмон.

Президенттің айтуынша, өткен жылы Тәжікстан үкіметі ұлттық денсаулық сақтау жүйесін қолдау үшін қосымша 1,6 миллиард сомони (145 миллион доллардан астам) бөлді. Осы уақыт аралығында елде шұғыл түрде 30-ға жуық жаңа аурухана пайдалануға берілген.

Коронавирус пандемиясымен күресу үшін ауруханаларда індетті жұқтырған науқастарға 7 мыңнан астам жаңа орын ұйымдастырылды және оларға 5400 медицина қызметкері қызмет көрсетті, деді Тәжікстанның мемлекет басшысы. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, Тәжікстанда соңғы 15 күн ішінде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген.

Соңғы жаңалықтар