Қостанай облысының мемлекеттік санитариялық бас дәрігері карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулысына өзгерту енгізді, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
1) 180 адамға дейінгі контингенті бар мектептерге (сыныптардағы балаларының саны 15 адамға дейін сақталуы қамтамасыз етілген жағдайда) ата-аналардың өтініші бойынша жұмыс істеуіне рұқсат беру;
1-4-сыныптардағы білім алушылар үшін білім беру ұйымдарында кезекші сыныптар ұйымдастырылады, бұл ретте топқа 15 баладан артық жіберілмейді;
қалған сыныптар қашықтық форматта оқиды;
2) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін тек қашықтан оқыту;
Өңірдің санитария дәрігерінің қаулысы 2021 жылғы 27 қаңтар сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. Қаулыне 2021 жылғы 10 ақпан сағат 00:00-ге дейін қолданылады.