#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Көкшетаулықтар жаппай вакцинацияға байланысты алаңға шықты

Көкшетаудың ондаған тұрғыны орталық алаңға жиналып, қазақстандықтарды жаппай вакцинациялау мен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасына қарсы шықты.

Көкшетаудың ондаған тұрғыны орталық алаңға жиналып, қазақстандықтарды жаппай вакцинациялау мен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасына қарсы шықты. Көкшетаулықтар қарсылығын білдіріп, видеоүндеу жасады, — деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Видео әлеуметтік желіде «Көкшетауда митинг басталды» деп тараған. Шамамен 50 адам шыққан. Видеода ер адам жаңа заң жобаға қатысты ойын айтқан.

Ақмола облысының әкімдігі жергілікті тұрғындар 25 қаңтарда сағат шамамен 11.00-де Тәуелсіздік алаңында жиналғанын айтады. Олар тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы мен жаппай вакцинациялауға қатысты видеоүндеу жасамақ болған.

«Бұл мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, ішкі саясат басқармасының басшысы, Көкшетау әкімінің орынбасары және құқық қорғау органдарының басшы қатысты», — деп түсіндірді Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар