Павлодар тұрғыны «анам қатты ауырып жатыр» деген желеумен жүзге жуық адамды алдаған, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодарлық жас жігіт анасының емделуіне ақша аударуды өтінген. Көбіне қыздар алданып қалған.
«Алаяқ Instagram желісінде жалған парақшалар ашып, негізінен, қыздармен танысқан. Кейін анасының емделуіне ақша аударуды өтініп, қыздардан банк шоттарының деректемелерін және жеке деректерін беруді сұраған. Алынған мәліметтер бойынша онлайн-несие рәсімдеген», — деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.
Полицияның мәліметінше, Павлодар тұрғыны 92 қазақстандықты алдаған.