#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Лауазым үшін екі миллион теңге: Жамбыл облысында шенеунік алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Жамбыл облысы Еңбек комитетінің департамент басшысы жұмыста лауазым көтеруге көмектескені үшін екі миллион теңге алды деген күдікке ілінді.

Жамбыл облысы Еңбек комитетінің департамент басшысы жұмыста лауазым көтеруге көмектескені үшін екі миллион теңге алды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды  ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Алаяқтық және лауазымды тұлғаларға пара беруге айдап салушылық күдігі бойынша өзінің қарамағындағы қызметкерден оны департамент басшының орынбасар лауазымына тағайындауға жәрдем көрсеткені үшін екі миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта күдіктінің ісі сотқа жолданды. Түпкілікті шешімді сот шығарады», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Соңғы жаңалықтар