#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қызылордада бес адамды 2,5 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды

Қызылордада 5 адамды 2,5 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды.

Қызылордада 5 адамды 2,5 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына облыс орталығының бес тұрғыны алаяқтық деректері бойынша арыз жазып, өз қаражаттарын қайтаруға көмек сұраған. Тексеру барысында бір әйелдің өткен жылдың басында өзін құрылыс басқармасының қызметкері ретінде таныстыра отырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға көмектесетінін алға тартып, олардан жалпы сомасы 2 500 000 теңге көлеміндегі ақша қаражатын алғаны анықталды.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығының 1991 жыл туған, бұрын сотты болған тұрғынын анықтап, ұстады. Алаяқ өз әрекеттерін мойындады. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы («Бірнеше рет жасалған алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар