Иісі қазақ сүйсініп көретін «Тақиялы періште» фильмінің бас кейіпкері, аты аңызға айналған актер, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков өмірден озды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
Әлімғазы Сұмағұлұлы 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын ауылда жүргізуші болып бастаған. 1965 жылы алғашқы «Ән қанатында» фильмінің спорттық іс-шараларына шақырту алады. 1966 жылы «Қилы кезең» фильміне түседі.
Әлімғазы Райымбеков өмірінің соңына дейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Кез келген іс-шараларда ақ батасын беріп, ел амандығын тілеп жүретін, немере-шөберелеріне үлгілі ата еді. Әлемді жайлаған індет, атың өшкір ковид тағы бір жақсы адамды ортамыздан алып кетті. Әйгілі актердің есімі әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады.