#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қазақстанда тыныштық күні жарияланды

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау қарсаңында 9 қаңтар тыныштық күні деп жарияланды.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау қарсаңында 9 қаңтар тыныштық күні деп жарияланды. Бүгін кез келген үгіт-насихат заңсыз саналады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тыныштық күні — дауыс беруге дейінгі күн, бұл кезде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге болмайды. Кез келген насихат кандидат немесе сайлау бірлестігі үшін зиян тигізеді.

2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Мәжіліс пен мәслихат сайлауына бес саяси партия жіберілді. Олардан 312 кандидат дауысқа түседі. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне партиялардың атауы бұрын жеребе арқылы айқындалған тәртіппен енгізіледі.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау 10 қаңтарда сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.

Соңғы жаңалықтар