Мұндағы мақсат қалың көпшілікті партияның жұмысымен кеңінен таныстыру, агитациялық материалдарды тарату. Атап айтқанда қаланың ірі әрі келушісі көп «Mega planet» сауда орталығына Жасмин Ашимова, Қуандық Сұлтанғали және басқа да партия белсенділері мен жергілікті журналистер қатысты.
Халықпен жеке-жеке кездесіп, партияның бес жылдық жоспары мен бағдарламасы жайында түсіндірілді, сондай-ақ, 10 қаңтар күні сайлауға келіп, «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды.
«Қуантарлығы халық біздің бағдарламаны жылы қабылдап, уақыттарын бөліп тыңдауда, ұсыныстары мен сұрақтары да жоқ емес екен. Алаңдатқан мәселелер жөнінде бөлісуде. Біз өз кезегімізде мәселердің бағдарлама аясында қалай шешім тапбатынын түсіндірдік», – деді Қуандық Сұлтанғали.
Жағдайдың күрделі екеніне қарамастан біз даму мен өркендеу жолында одан әрі қадам басуға тиіспіз. Сондықтан «Nur Otan» партиясы тұрғындардың проблемаларын жедел әрі тиімді шешу мақсатында осы сайлауалды бағдарламасын жасап отыр.
Бұл құжатымыздың ерекшелігі – тұрғындардың лайықты өмір сүруі үшін барлық салалар қамтылып, күрмеуі қиын мәселелердің шешілу жолдары қарастырылған. Бұл жолда «Nur Otan» көздеген мақсатымы мен арманына халықпен бірге жетеді!
«Nur Otan» – нақты істер партиясы!
Шымкент қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.